М. Баймуханова 45а ​060000 Атырау Атырауская область Казахстан

“KPI Inc.” мен Атырау облысының әкімдігі, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы, Petrocouncil.kz бірлескен меморандумға қол қойды

Атырауда “KPI Inc.” ЖШС өндіретін полипропиленді шикізат ретінде пайдаланып, жаңа химиялық өнімдер шығарылмақ 26 мамыр 2023 жылы “KPI...

Атырауда “KPI Inc.” ЖШС өндіретін полипропиленді шикізат ретінде пайдаланып, жаңа химиялық өнімдер шығарылмақ

26 мамыр 2023 жылы “KPI Inc.” компаниясы мен Атырау облысының әкімдігі, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы, Petrocouncil.kz мұнай-газ саласындағы стратегиялық серіктестікті дамыту кеңесі бірлескен меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында Атырау қаласындағы бұрынғы химия зауытының бос өндірістік аумағына полимер өнімдерін өндіру бойынша технопарк құру және шағын және орта бизнесті дамыту үшін инфрақұрылымдарды орналастыру жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде мұнай химиясының дамуын жеделдетіп, өңдеу арқылы химия өнеркәсібінің жаңа өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді.

Бұл меморандум “Kazakhstan Petrochemical Industries Inc” ЖШС өндіретін полипропиленді шикізат ретінде пайдаланып, оны өңдеу арқылы жаңа химиялық өнімдер шығару арқылы мұнай-химия саласын одан әрі дамытуға жағдай жасайды.

Бұрынғы химия зауытының 23 гектар жеріне өнеркәсіп аймағын құру жөнінде және оны әкімдіктің баланысына қайтару бойынша жұмыстар жүргізілді. “Атамекен” ҰКП және Petrocouncil.kz өз кезегінде шағын өндірістерді құру үшін және шағын-орта бизнес жобаларын тарту бойынша жұмыс істейді. Ал ”KPI Inc.” ЖШС Атырауда шағын мұнай-химия өңдеуін құру үшін полипропилен өнімімен қамтамасыз етіп отырады.

Облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев өндіріске қолайлы жағдай жасау үшін сала мамандарын жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

Анықтама үшін:

2022 жылдың желтоқсанында Атырауда өткен "QazPolymers" форумы аясында “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов, Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов және "KPI” ЖШС шикізат-полипропилен базасында шағын және орта бизнес өндірістерін дамыту және қолдау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізген болатын.


“KPI Inc.” мен Атырау облысының әкімдігі, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы, Petrocouncil.kz бірлескен меморандумға қол қойды “KPI Inc.” мен Атырау облысының әкімдігі, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы, Petrocouncil.kz бірлескен меморандумға қол қойды
М. Баймуханова 45а ​060000 Атырау Атырауская область Казахстан