24 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Ресей Федерациясының Мәскеу қаласына жұмыс сапары барысында «Сибур» ЖШҚ бас директоры, басқарма төрағасы Михаил Карисаловпен келіссөз жүргізді.
Тараптар полипропилен және полиэтилен өндіру жөніндегі жобалар бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. ҚМГ басшылығы серіктестерін полиэтилен шығаратын зауытты («Силлено» БК) жобалаудың басталуына орай жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
«Полиэтилен өндіру жөніндегі жоба ел экономикасына қосатын үлесі мен мұнай-газ химия саласын дамытудағы маңызына орай Қазақстан басшылығының ерекше бақылауында», - деп атап өтті М.Мырзағалиев.
7 қарашада «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «СИБУР Холдинг» ЖАҚ пен полипропилен және полиэтилен мұнай-газ химия жобаларының оператор компанияларының қатысушылары «KPI Inc.» ЖШС және «Силлено» ЖШС базасында бірлескен кәсіпорындар құру туралы негізгі құжаттарға қол қойды.
Құжаттарға сәйкес, тараптар Атырау қаласындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында орналасқан бірлескен кәсіпорындардағы әріптестік шарттарын айқындады. Атап айтқанда, қуаты жылына 1 250 мың тонна полиэтилен өндіруге жететін зауыт құрылысының жобасына инвестиция салу, сондай-ақ жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыттың дайын өнімін өткізу тәртібіне қатысты.
Еске салсақ, 18 қарашада «KPI Inc.» ЖШС зауытынан (полипропилен) 1,5 мың тонна көлемінде дайын өнімнің бірінші партиясы экспортқа жөнелтілді.