М. Баймуханова 45а ​060000 Атырау Атырауская область Казахстан

«ҚазМұнайГаз» басшысы Сеулде бірқатар компания басшылығымен кездесулер өткізді

С 18-20 қазан аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Сеул қаласында DAELIM және Samsung...

С

18-20 қазан аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Сеул қаласында DAELIM және Samsung Engineering компанияларының басшылығымен кездесулер өткізді.

Кездесу барысында мұнай-газ химиясы саласындағы ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде ҚМГ-нің полипропилен және полиэтилен өндіру жобалары талқыланды.

«Біз DAELIM компаниясының мұнай-газ химиясы саласындағы жетістіктерін, оның ішінде полиэтилен, полиизобутилен және биаксиалды-бағдарланған полипропилен пленкасының елеулі өндіріс қуатын, сондай-ақ Оңтүстік Корея, Азия мен Таяу Шығыстағы жетекші EPC компания ретінде жоғары бағалаймыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мұнай-газ химиясы саласын дамытуға ерекше назар аударатынын атап өткім келеді, қазір елімізде осы саладағы жобаларға мемлекеттен жүйелі қолдау көрсетіледі», - деп атап өтті М.Мырзағалиев DAELIM компаниясының басшылығымен кездесу барысында.

Samsung Engineering басшылығымен кездесуде ҚМГ басшысы  компанияның құрылыс және жобаларды басқару, техникалық-экономикалық негіздемеден бастап, жобалау, сатып алу, мұнай-газ, мұнай-газ химиясы және басқа да салалардағы индустрия объектілерін бастан аяқ салу, инжиниринг қызметтерінің толық спектрін көрсететін халықаралық жетекші EPC компания ретіндегі жетістіктерін атап өтті.

Сапар барысында М.Мырзағалиев Кореядағы DAELIM компаниясының өндірістік нысандары мен мұнай-химия кешендерін де аралады.


«ҚазМұнайГаз» басшысы Сеулде бірқатар компания басшылығымен кездесулер өткізді «ҚазМұнайГаз» басшысы Сеулде бірқатар компания басшылығымен кездесулер өткізді
М. Баймуханова 45а ​060000 Атырау Атырауская область Казахстан