М. Баймуханова 45а ​060000 Атырау Атырауская область Казахстан

«Бутадиен және оның туындыларын өндіру» бірлескен Қазақстан-Ресей жобасын жүзеге асыру туралы

Жобаны одан әрі дамыту шеңберінде «Бутадиен» ЖШС мен «Теңізшевройл» ЖШС арасында бутанды сатып алу-сату туралы келісімшартқа қол қойылғанын атап өтеміз.

2022 жылғы 2-3 қарашада «Бутадиен және оның туындыларын өндіру» жобасын жүзеге асыру аясында болашақ зауыттың құрылыс алаңында алғашқы құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.

Еске сала кетсек, 2021 жылғы қараша айында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Татнефть» ЖАҚ құрылыс мерзімі 2025 жылы аяқталатын бутадиен каучуктерін өндіретін «Бутадиен» ЖШС бірлескен кәсіпорнын құрды. Кәсіпорын өнімнің бес түрін өндіреді деп жоспарлануда: стирол-бутадиен-стирол (жол төсемінде, желім, пластик және т.б. шығаруда қолданылатын каучук), дивинил-стиролды синтетикалық каучук (шина өнеркәсібінде қолданылатын каучук, оның бір бөлігі Қарағанды облысындағы шина зауытына жеткізіледі), бутадиен (синтетикалық каучук өндіру кезінде қолданылады), изобутан-изобутилен фракциясы (метил-трет-бутил эфирі, бутил-каучук, изопрен және алкилат өндірісіне арналған), метил-трет-бутил эфирі (бензиннің октан санын арттыруға арналған қоспа).

Қазіргі кезде жобалау жұмыстары жүріп жатыр, технологиялардың лицензиарлары тартылды.

Сондай-ақ, жобаны одан әрі дамыту шеңберінде 2022 жылы 5 қарашада «Бутадиен» ЖШС мен «Теңізшевройл» ЖШС арасында бутанды сатып алу-сату туралы келісімшартқа қол қойылғанын атап өтеміз.

Құжатқа сәйкес зауытқа шикізатты «Теңізшевройл» ЖШС жеткізеді. Жеткізілетін өнімнің жыл сайынғы көлемі – 380 мың тонна бутан.

«Бутадиен және оның туындыларын өндіру» жобасы ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №730 қаулысымен бекітілген «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылуда.

Жоба Атырау қаласынан 43 шақырым жерде Қарабатан учаскесінде ҚР мұнай химиясын дамыту жөніндегі арнайы экономикалық аймақта орналасқан.

Жобаны жүзеге асыру құрылыс кезеңінде 2000-нан астам, ал пайдалану кезеңінде 700 жұмыс орнын (жоғары білікті мамандар) ашуға мүмкіндік береді.


«Бутадиен және оның туындыларын өндіру» бірлескен Қазақстан-Ресей жобасын жүзеге асыру туралы «Бутадиен және оның туындыларын өндіру» бірлескен Қазақстан-Ресей жобасын жүзеге асыру туралы
М. Баймуханова 45а ​060000 Атырау Атырауская область Казахстан